Жаңалықтар

16.02.2022

ЕАЭО мен Куба бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарайды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев пен Куба Республикасының «Мариэль» айрықша даму аймағының бас директоры Ана Тереза Игарса Мартинес Еуразиялық экономикалық одақ пен Куба Республикасы арасындағы іскер топтар желісі бойынша өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу 15 ақпанда ЕЭК штаб-пәтерінде болып өтті.

Бұдан бұрын ЕАЭО мен Куба 2025 жылға дейінгі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды, жоспар өзіне соның ішінде Куба мен ЕАЭО елдері бизнес-топтарының өзара іс-қимылын қарқынды етуді де кірістіреді.

Сергей Глазьев атап көрсеткендей, Одақ елдері Кубамен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде туризм, фармацевтика және басқа салаларда дамытуға мүдделі. Ол сондай-ақ ЕАЭО Іскерлік кеңесі мен Куба Сауда палатасы арасындағы келісімді дамыту тұрғысында бизнес-топтар желісі бойынша өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«ЕАЭО елдерінің бизнесін «Мариэль» айрықша даму аймағының қызметіне тарту жөніндегі ұсыныстар ЕЭК делегациясының өткен жылғы Кубаға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар рухына сәйкес келеді. Іскер топтардың арасында тікелей диалогты тереңдету, сондай-ақ бірлескен кооперациялық жобалар құру қажет»,- деп атап өтті Сергей Глазьев.
Ана Тереза Игарса Мартинес айрықша даму аймағы туралы айтып берді және «Мариэль» аумағында дербес ЕАЭО өнеркәсіптік паркін құру мүмкіндігімен қоса, оның ЕАЭО елдерінің бизнесіне бере алатын артықшылықтары туралы хабардар етті.

«Біздің еліміздің басшылығы ЕАЭО мен Куба арасында сауда және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен әлеует бар екенін бірнеше мәрте атап өтті»,- деп атап көрсетті Ана Тереза Игарса Мартинес. Ол өз сөзін айрықша даму аймағына Одақтың компаниялары мен кәсіпкерлерін тарту арқылы бұл әлеуеттің дамуына жәрдем көрсетуге «Мариэль» дайын деп толықтырды.
Сергей Глазьев өз тарапынан «Мариэль» өкілдерінің өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ықыласын қолдады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды құру мен дамыту жөніндегі консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.

Анықтама

«Мариэль» айрықша даму аймағы - Куба Республикасының Министрлер кеңесінің басқаруында тұрған ұзақ мерзімді жоба. «Мариэль» 2013 жылғы қарашада Куба экономикасын өзектілендіру шеңберінде құрылған және арнаулы режимдер мен жеңілдіктер кешенін бағамдайды, бұл оны ұлттық әрі шетелдік инвестициялар үшін тартымды етуде. 465,4 км2 аумақты алып жатқан айрықша даму аймағы Гаванадан 45 км жерде Артемис провинциясының солтүстігінде орналасқан. Бүгінгі таңда «Мариэль» АДА-да 21 елден 61 мекеме және 11 трансұлттық компания жұмыс істейді.