Жаңалықтар

25.06.2024

ЕАЭО кокос жоңқасына арналған кедендік әкелу бажын үш жылға нөлге түсірді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы кептірілген кокос жаңғақтарына (кокос жоңқасы, ЕАЭО СЭҚ ТН 0801 11 000 0) арналған кедендік әкелу бажынқоса санағанда 2027 жылғы 31 шілдеге дейінгі аралықтанөлге түсіруге шешім қабылдады.

"Кедендік-тарифтік реттеу шарасы өзіндік құнды төмендетуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен кондитерлік өнім экспортын дамытуға және оның шетелдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған", – деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегіминистрі Андрей Слепнев.

Олтабиғи-климаттық жағдайларға байланысты ЕАЭО аумағында кокос пальмалары өспейтінін, ал кокос жаңғағының өндірісі жоқ екенін еске салды. Сөйтіп, кокос жоңқасына деген қажеттілік импорттық жеткізілім арқылы толығымен қамтамасыз етіледі.

Кокос жоңқасынақатысты ЕАЭО БКТ-ның кедендік әкелу бажының қолданыстағы ставкасы 3% құрайды.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Кептірілген және ұсақталған кокос жаңғақтары (кокос жоңқасы) кокосты өңдеудің өнімі болып табылады және негізінен кондитерлік өнімдер: шоколадты конфеттер, қантты кондитерлік өнімдер, сондай-ақ торт, тәтті нан, піспенанжәне басқа да ұқсас өнімдер өндірісі кезінде пайдаланылады. Әкелінетін кокос жоңқасы көлемінің шамамен 20%-ы басқа салаларда (парфюмерия, косметика, фармацевтика) тұтынылады.

Комиссия Алқасының 2020 жылғы 20 қазандағы № 131 шешіміне және Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешіміне сәйкес 2020 жылғы 22 қарашадан 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кокос жоңқасына қатысты кедендік құнның 0%-ы мөлшерінде кедендік әкелу бажының уақытша ставкасы қолданылды.