Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары 4 маусымда Несвиж қаласында (Беларусь) өткен үкіметаралық кеңестің отырысында 2023 жылға арналған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында «Шығыс – Батыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттарында, оның ішінде Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштастыру аясында көлік инфрақұрылымын құру және дамыту туралы баяндаманы мақұлдады. Мұндай баяндаманы жыл сайынғы негізде дайындау 2025-Стратегиясында көзделген.
Құжатта өткен жылы ЕАЭО елдері ұлттық көлік инфрақұрылымының учаскелерін дамыту, логистикалық сервистер құру, көлік дәліздерін дамыту бойынша серіктестермен халықаралық шарттар мен меморандумдар жасасу бойынша белсенді жұмыс жүргізгені атап өтілді.
«2023 жылы «бестік» елдері көлік инфрақұрылымының даму қарқынын төмендетпеді және туындаған қиындықтарды еңсеріп қана қоймай, бірқатар ауқымды көлік жобаларын іске асыра алды», - деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.Көлік-логистикалық байланыстарды әртараптандыру аясында «Солтүстік-Оңтүстік» дәліздері мен Транскаспий халықаралық көлік бағыты дамуда жаңа серпін алды.
2023 жылы Үкіметаралық кеңестің шешімі бойынша көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі Қырғызстан мен Қазақстанның жаңа жобаларымен толықтырылды. Қазір тізімде автомобиль жолдары мен теміржолдарды салу және қайта құру бойынша 11 ауқымды жоба бар.
ЕАЭО аясында транзиттік әлеуетті іске асыру және дамыту және көлік инфрақұрылымын үйлестіру мақсатында Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспары қабылданды.
Комиссия Қытай, БАӘ және Иранмен көлік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Арменияның ұсынысы бойынша баяндамаға «Бейбітшілік қиылысы» бастамасы енгізілді, ол барлық мүдделі елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту бойынша қолайлы жағдайлар жасауға, Оңтүстік Кавказ аймағының логистикалық әлеуетін ашуға арналған.