Жаңалықтар

05.04.2022

ЕАЭО тауарлардың жаңа тобына арналған баждарды нөлге түсіреді және импорт рәсімін оңайлатады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тараптардың ЕАЭО-ға кедендік баждың нөлдік ставкасы бойынша уақытша әкелінетін өнімдер тізбесін кеңейту туралы ұсынысын мақұлдады. Жаңа тізімге сыни импорттық тауарлардың кең ассортименті, атап айтқанда, тамақ өнімдері мен оларды өндіруге арналған компоненттер, орауыш материалдар, химиялық өнімдер, көлік құралдары өндірісіне және жөндеуге арналған компоненттер кірді.
Бұл ретте ЕЭК Алқасының құзыретіндегі бірқатар тауар позициялары бойынша Комиссия Кеңесінің тапсырмасы жөніндегі шешім таяу уақытта қабылданады.

«Сондай-ақ сыртқы шектеулер жағдайында және кедендік-тарифтік реттеу шарасының қолданылуының қысқа мерзімдерін ескеріп, әкелінетін тауарлардың негізгі бөлігінің нысаналы мақсатын растау қажеттігінен бас тарта отырып, оны іс жүзінде іске асыру процесін оңайлату туралы шешім қабылданды», — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Ол оңайлату соның ішінде Комиссия бұрын мақұлдаған жеңілдіктерге де қатысты болатынын нақтылады.
Шешім 2022 жылғы 28 наурыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

Анықтама

Бұдан бұрын, ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 37 шешіміне сәйкес 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта азық-түлік тауарларын және олардың өндірісінде пайдаланылатын тауарларды кедендік әкелу бажынан босату түрінде тарифтік жеңілдік берілген болатын.Бұдан басқа, азық-түлік өндірісіне және өткізуге арналған тауарларға; фармацевтика, металлургия және электрондық өнім өндірісіне арналған тауарларға; цифрлық технологияларды дамыту үшін пайдаланылатын тауарларға; жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірісіне арналған тауарларға, сондай-ақ құрылыс және көлік салаларында қолданылатын тауарларға қатысты жеңлдіктер берілді.