Азық-түлік өнімін өндіру мен өткізуге арналған тауарлар; фармацевтика, металлургия және электрондық өнімдер өндірісіне арналған тауарлар; цифрлық технологияларды дамыту үшін пайдаланылатын тауарлар; жеңіл өнеркәсіп өнімінің өндірісі үшін қолданылатын тауарлар; сондай-ақ құрылыс және көлік салаларында қолданылатын тауарлар да жарты жылға импорттық баждан босатылды. Бұл ретте тарифтік жеңілдік беру шарты тауарды әкелудің нысаналы мақсатын растау болады.
Бұдан басқа, қаптамада 40 кг аспайтын сары өрік, алмұрт, шабдал және өзге де пюреге арналған ставка 2023 жылғы 30 сәуірге дейін, ал анилин мен сырт киім өндірісіне арналған маталардың бірқатар түріне арналған ставка 2025 жылғы 30 сәуірге дейін нөлге түсірілді.
ЕЭК Алқасына таяудағы отырысында басқа да бірқатар тауарлар бойынша кедендік әкелу бажының ставкаларын белгілеу туралы мәселені қарау тапсырылды.
«Бүгінгі жағдайларда тұтынушылық маңызы жоғары тауарларды өндірушілер бағамдық секірістерге және шикізат жеткізудегі логистикалық тізбектердің бұзылуына тап болып отыр. Осыған байланысты экономикалық орнықтылықты арттыруға бағытталған бірінші кезектегі қолдау шараларын көрсету, сондай-ақ ішкі нарықты молықтыру тауарлардың жекелеген түрлеріне арналған баж ставкаларымен уақытша түзетіледі және әлеуметтік маңызы бар құралдар өндірісінде пайдаланылатын тауарларға тарифтік жеңілдіктер белгіленеді»,- деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Шешімдер ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.