21 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Сауда саясаты департаменті мен Өнеркәсіптік саясат департаменті өкілдерінің Үндістан Республикасы Үкіметінің Сауда және өнеркәсіп министрлігінің өкілдерімен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында тараптар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері, еркін сауда туралы келісім жасасу туралы келіссөздерді белсенді кезеңіне көшіру жөніндегі жұмыс, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету перспективалары қаралды.
"ЕАЭО елдері мен Үндістан арасындағы тауар айналымының көлемі 2022 жылдың қорытындысы бойынша екі есе артты, ал 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тағы 90% өсті. Бұл ретте алдын ала жүргізілген зерттеулер ЕАЭО үшін де, Үндістан үшін де, соның ішінде болашақ бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігі тұрғысынан да еркін сауда туралы келісім жасасу елеулі пайда беретінін көрсетіп отыр. Одақ елдерінің бизнесі де пұрсаттылық режиміне көшуді белсенді қолдайды", — деп атап өтті ЕЭК Сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиков.