Анықтама
Табиғи монополиялар саласында ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамасын үндестіруді жүргізудің дәйектілігін айқындау жөніндегі жол картасын ЕЭК Кеңесі 2017 жылғы желтоқсанда бекітті және ол үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңінде (2019-2020 жылдары) Одаққа қатысушы елдердің заңнамалық актілеріне кешенді зерттеу жүргізілді.
Жол картасының екінші кезеңінде төрт құжат әзірлеу көзделген, олардың екеуін Комиссия Алқасы ағымдағы жылы қабылдады:
- «Табиғи монополиялар саласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіруді бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы» ұсыным (Комиссия Алқасы қабылдады – 22.03.2022 № 9),
- «Көрсетілетін қызметтерді табиғи монополиялар саласына жатқызудың негізгі критерийлері мен жағдайлары туралы» ұсыным – (Комиссия Алқасы қабылдады – 19.04.2022 № 15).
Қорытынды кезеңінде Одақ мемлекеттерінің заңнамасын үндестіру жөніндегі іс-шаралар және Комиссияның Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің тапсырмасын орындау мониторингі іске асырылады.