Жаңалықтар

14.09.2023

ЕАЭО "қорқынышты" ойыншықтар айналысын реттейді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы балалардың психикалық денсаулығына теріс әсер ететін ойыншықтардан қорғау мақсатында "Балалар мен жасөспірімдерді олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" ұсыным қабылдады.

Армения Республикасына, Беларусь Республикасына және Қырғыз Республикасына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының 33-ші жалпы отырысында (2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 33-15 қаулы) қабылданған балаларды денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы модельдік заңды елдердегі экономикалық даму мен құқықтық реттеу ерекшеліктерін ескере отырып, өз заңнамасына енгізу мүмкіндігін қарау ұсынылды.

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне үстел ойындарына қатысты "ақпараттық өнім" ұғымын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған, олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін бейнелерді (мысалы, киім, портфельдер, рюкзактар, велосипедтер, мектеп-жазу керек-жарақтары) қамтуы мүмкін өзге де өнімдерді қолданудың орындылығын қарастыру ұсынылды.

Талқылауды ескере отырып, балаларды теріс ықпалынан қорғау бөлігінде ойыншықтарға қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу мүмкіндігін көздейтін "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне өзгерістерді дайындау жөніндегі жұмысты белгіленген тәртіппен жалғастырған орынды деп танылды.

Анықтама

Модельдік заң балаларды олардың физикалық және психикалық денсаулығына, адамгершілік, рухани, психикалық, физикалық және әлеуметтік дамуына зиян келтіретін ақпараттан, соның ішінде балаларға арналған ақпараттық өнімдердің және адамдардың белгісіз тобына арналған ақпараттық өнімдердің айналымы кезінде қорғауға байланысты қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында соның негізінде тиісті заңдар қабылданды.