Жаңалықтар

15.04.2022 (Обновлено: 17.05.2022 15:58)

ЕАЭО талшық құраушы полиэтилентерефталатқа арналған бажды уақытша нөлге түсіреді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі талшық құраушы полиэтилентерефталатты ЕАЭО СЭҚ ТН жеке позициясында бөліп көрсету және соған қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын 1 жыл мерзімге 0% мөлшерінде белгілеу туралы шешім қабылдады.Бұл ретте тауарлар олардың нысаналы мақсатын мүше мемлекеттің уәкілетті органы растаған кезде ғана жаңа позицияда сыныпталатын болады. Полиэтилентерефталат - талшықтар мен жіптерді (талшық құраушы полиэтилентерефталат), пленкаларды (пленкалы полиэтилентерефталат), әртүрлі типтегі және мақсаттағы пластикалық контейнерлерді (бөтелкедегі полиэтилентерефталат) өндіру үшін қолданылатын термопластикалық өнеркәсіптік полимер.

«Пленкалы және бөтелкедегі полиэтилентерефталат Еуразиялық экономикалық одақта шығарылады. Сонымен бірге, полиэфирлі техникалық жіптер мен полиэфирлі техникалық маталарды өндірушілер пайдаланатын талшық құраушы полиэтилентерефталат негізінен Қытайдан сатып алынады»,- деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

Ол кедендік-тарифтік реттеу шараларының қабылдануы талшық құраушы полиэтилентерефталаттан тауарлар әзірлейтін кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының жүктемесін арттыруға, сондай-ақ олардың шетелдік аналогтармен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігін өсіруге ықпал ететінін нақтылап айтты.
«Талшық құраушы полиэтилентерефталатты тұтынушылар осымен бір мезгілде өнімді талап етілетін сапада шығаруды және өзара пайдалы ынтымақтастықты ұйымдастыру үшін ішкі өндірушілермен кооперациялық байланысты жолға қоюға дайын екендіктерін білдірді»,- деп сөзін толықтырды ЕЭК департаментінің директоры.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.