Жаңалықтар

22.09.2021 (Обновлено: 08.02.2022 12:03)

ЕАЭО ҚХР-дан әкелінетін графиттелген электродтарға демпингке қарсы баж енгізеді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ҚХР-дан әкелінетін, диаметрі 520 мм аспайтын графиттелген электродтарға қатысты 5 жыл мерзімге демпингке қарсы баж енгізуге шешім қабылдады. Баж мөлшері өндірушіге байланысты кедендік құннан 14,04% немесе 28,20% құрайды.


Шешім «ЭПМ – Новочеркасск электрод зауыты» АҚ, «ЭПМ – Новосибирск электрод зауыты» АҚ және «Донкарб Графит» ЖШҚ атынан түскен, «Челябинск электр металлургия комбинаты» АҚ қолдаған арыз негізінде 2020 жылғы 9 сәуірде басталған тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қабылданды.

ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаменті ҚХР-дан әкелінетін тауардың демпинг импорты бар екенін, сондай-ақ экономика саласына материалдық нұқсан тигізетінін анықтады, бұл демпингке қарсы шара қолдану үшін негіз болып табылды.

«Мәселені қарау барысында Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының өнім құнын сақтау мен қолжетімділік бөлігіндегі алаңдаушылығын алып тастау үшін консультациялар жүргізілді. Жұмыс қорытындысы бойынша ЕАЭО-дағы графиттелген электродтар өндірушілер тобы өздеріне іркіліссіз кепілді жеткізілімдер туралы, сондай-ақ халықаралық баға белгілеуге негіздей отырып, формулалық баға белгілеуді қолдану туралы ресми міндеттемелер қабылдады»,- деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Оның сөзінше, өндірушілер тарапынан ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу туралы ұсыныс жасалды, қорытындысында бұл ішкі нарықта бағаның күрт өсу мүмкіндігіне жол бермейді. Көрсетілген тәсілдемелер демпингке қарсы бажды қолдану туралы шешімге қосымша ретінде кірістірілген. Егер міндеттемелер сақталмайтын болса, бұл тіпті шараның күшін жоюға дейін шешімді жедел қайта қарауға негіз болады.

Бұдан басқа, Комиссия баға мониторингін және графиттелген электродтар жеткізушілер тарапынан үстем жағдайды теріс пайдалану жағдаятына талдау жүргізетін болады.

Шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қалған мерзім кооперациялық тізбектердің контрактациясы мен қайта құрылуы үшін қажет.