Жаңалықтар

20.12.2022

ЕАЭО құбыржолдар үшін ҚХР-дан әкелінетін сыналы ысырмаларға демпингке қарсы баж енгізеді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Қытай Халық Республикасынан әкелінетін болат сыналы ысырмаларға қатысты демпингке қарсы баж енгізу туралы шешім қабылдады. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі бес жылды құрайды, баж мөлшері өндірушіге байланысты кедендік құннан 25,57-36,23% мөлшерінде белгіленген.

Шешім ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментінің 2021 жылғы 23 маусымда ЕАЭО-дағы тауар өндірушілердің: «Благовещенск арматура зауыты» АҚ және «Муромский құбыржол арматурасы зауыты» ЖШҚ қолдауымен «Гусар» «Гусевский арматура зауыты» ЖШҚ арызы бойынша бастаған демпингке қарсы тергеп-тексеруінің қорытындысы бойынша қабылданды.

Тергеп-тексерудің тауар-объектісі номиналдық диаметрі 50-ден 1000 мм дейінгі және қысымы 16-дан 250 кгс/см2 дейінгі құбыржол арматурасына жататын болат сыналы ысырмалар болып табылады. Мұндай ысырмалар әртүрлі қысымдағы құбыржолдарда, соның ішінде мұнай және газ құбырларындағы газ тәріздес ағынды немесе сұйық ортаны қайта жабу үшін қолданылады.

Бұл ретте өзіне баға міндеттемелерін қабылдаған қытайлық Neway Valve (Suzhou) Co. Ltd. компаниясы тиісті растаушы құжаттар бар болған жағдайда демпингке қарсы бажды төлемейді, деп атап көрсетті ЕЭК Сауда блогында.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.