2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нарығының форматы 14 көрсетілетін қызметтер секторына көшеді, олардың арасында - метеорологияның көрсетілетін қызметтері, тұрмыстық және көмекші көрсетілетін қызметтер бар.
Көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру (КҚБР) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тұтынушылар үшін бағалар мен тарифтерді азайтуға, қайталап рұқсат алу және заңды тұлға құру қажеттігіне байланысты көрсетілетін қызметтерді берушілердің шығындарын қысқартуға, персоналдың біліктілігін және заңды тұлғаны қамту жөніндегі шығындарды растауға ықпал етеді.
2015 жылдан бастап көрсетілетін қызметтердің 128 секторы кезең-кезеңімен КҚБР форматына ауысты, олардың арасында ЕАЭО елдерінің экономикасы үшін маңызды құрылыс және туристік көрсетілетін қызметтер және көптеген басқа бағыт бар.
Анықтама
Көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы - көрсетілетін қызметтердің нақты секторының жай-күйі, онда тараптар кемсітушілік, сандық және өзге шектеулер қолданбайды, рұқсат беру мен біліктілік танылады және заңды тұлға нысанында қосымша құрылмай, Одақтың бүкіл аумағында көрсетілетін қызметтерді жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.