Жаңалықтар

11.04.2022 (Обновлено: 28.04.2022 17:24)

ЕЭК және ЕО елдерінің бизнесі техникалық реттеу мәселелерін талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның дөңгелек үстелінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеу құқығындағы жаңа енгізілімдер; ЕАЭО техрегламенттерін, мемлекетаралық стандарттарды өзгертуге және әзірлеуге байланысты міндеттер; сәйкестікті бағалау және аккредиттеу мәселелері талқыланды.

Іс-шараны ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті ұйымдастырды және іс-шара ЕАЭО мемлекеттерінің кәсіпкерлеріне Комиссия өкілдерімен неғұрлым өзекті тақырыптарды қосымша талқылауға мүмкіндік берді.

Дөңгелек үстел жұмысына 90-нан астам адам қатысты. Олардың ішінде – ЕАЭО Іскерлік кеңесіне мүше ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ Одақ елдерінің техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдарын, құзыретіне бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, өнеркәсіптік саясат, кедендік ынтымақтастық және басқа да мәселелер кіретін ЕЭК құрылымдық бөлімшелерін қоса алғанда, 75-тен астам бизнесші бар.

«ЕАЭО-да техникалық реттеуді қалыптастыру мен дамытудағы біздің Одақ елдерінің бизнес – қоғамдастығының рөлі өте жоғары, - деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашев. - Экономика салаларына қатысты техникалық реттеу құралдарын дамытуда бизнес неғұрлым белсенді позицияға ие болса, ЕАЭО-да ортақ мақсаттарға: тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Одақта өндірілетін өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және тұтастай алғанда – біздің мемлекеттеріміздің экономикаларының орнықты дамуына қол жеткізілетін болады».
Пікірталастың едәуір бөлігі стандарттау және сәйкестікті бағалау мәселелеріне арналды. Бизнесті Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің және Одақтың техникалық регламенті талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін стандарттар тізбесін әзірлеу және қабылдау тәртібінің өзгеруіне байланысты тақырыптар қызықтырды. Мысалы, ЕАЭО-ның барлық елдері мемлекетаралық стандарттарға қосылғаннан кейін ғана оларды қолдану мүмкіндігі қағидатын енгізу талқыланды. Бұл мәселелер ЕЭК Кеңесінің биылғы 15 сәуірде өтетін отырысының күн тәртібіне енгізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар бір және сол өнімге арналған әдістемелерді бірдей көрсеткіштер бойынша қосу тәртібі; стандарттар тізбесінде жоқ әдістемелер немесе нормативтік құжаттар бойынша қабылданатын шаралар, мысалы, «Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосымша заттар қауіпсіздігінің талаптары» және «Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техрегламенттерге қатысты түсініктемелер алды.

Сәйкестікті бағалау мәселелері: өнімнің сәйкестігін растау рәсімдерін оңтайландыру, «Жарылу қаупі бар ортада жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техрегламентке енгізілген 9с схемасын қолдану ерекшеліктері, жеңілдетілген рәсім бойынша сәйкестік сертификаттарын қайта шығару мүмкіндіктері бизнестің ерекше қызығушылығын тудырды.

Іс-шараға қатысушылар Одақ мемлекеттері экономикаларының тұрақтылығын арттыру шараларын практикалық іске асыру бойынша Комиссия жүргізіп жатқан жедел жұмыс туралы хабардар етілді. Атап айтқанда, Одақ шеңберінде енгізілетін өнімдерге қойылатын жаңа міндетті талаптардың күшіне ену мерзімдерін және осындай талаптарға қатысты өтпелі кезеңдердің қолданылу мерзімдерін оңтайландыру туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ Одақ шеңберінде және ұлттық деңгейде көзделген өнімге қойылатын міндетті талаптарды оңтайландыру (оның ішінде күшін жою, қайта қарау, қабылдау), сәйкестікті бағалау рәсімдері, Одақ мемлекеттеріндегі өндірістік процестердің технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ішкі нарықта тауарлардың тұрақты ұсынысын қолдау үшін оны айналысқа шығару қағидалары туралы айтылды.