Жаңалықтар

12.10.2021 (Обновлено: 16.02.2022 14:27)

ЕЭК пен Өзбекстан Республикасы өзара іс-қимылды дамытудың векторларын айқындады

11 қазанда ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев пен Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидовтың тең төрағалығымен бейнеконференция форматында болып өткен бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысына қатысушылар Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
«Еуразиялық экономикалық одақ Өзбекстанның ең басты сыртқы әріптесі болып табылады, Одақ үшін Өзбекстанмен сауда ынтымақтастығы сауданың ауқымы бойынша да, сатылатын тауарлар номенклатурасының кеңдігі бойынша да стратегиялық сипатқа ие»,- деп атап көрсетті Сергей Глазьев.


ЕЭК министрінің пікірінше, Өзбекстанның Одақпен диалогын жандандырудың айқын экономикалық перспективалары бар.

«2015 жылы ЕАЭО құрылған сәттен бастап Өзбекстанмен тауар айналымы 2 есе өсті. Өткен жылы белгілі бір қиындықтар болды, бірақ 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 16% өсті және 5 млрд АҚШ долл. дерлік жетті. ЕАЭО-ның Өзбекстанмен өзара іс-қимылының барлық оң әсерлеріне қарамастан, біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы өзінің барлық әлеуетін аша қойған жоқ. Ынтымақтастық көлемі, сол сияқты өзара іс-қимылға тартылған салаларды әртараптандыру тұрғысынан бізде сауда-экономикалық байланыстарымызды одан әрі ілгерілету мүмкіндіктері бар»,- деп мәлімдеді Сергей Глазьев.


Бадриддин Абидов өз кезегінде ЕАЭО-ның серпінді өсіп келе жатқан халықаралық беделін атап өтті, ал Өзбекстанның ЕЭК-пен өзара іс-қимыл басымдықтары қатарында сауданы оңайлату мен цифрландыруды, қазіргі бар сауда шектеулерін алып тастауды; кеден әкімшілігін жүргізу нормаларын, техникалық реттеуді, санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық нормаларды ЕАЭО талаптарына сәйкес келтіруді; өндірістің өнеркәсіптік кооперациясы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар тұжырымдауды; көлік дәліздері желісін әртараптандыруды; озат технологиялар мен ақпараттық жүйелер трансферін; экология және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды; ЕЭК-тің құрылымдық бөлімшелерінде және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарында тағылымдамалар ұйымдастыру арқылы Өзбекстан мамандарының біліктілігін арттыруды атады.
«Бүгінде ЕАЭО елдерімен тауар айналымы Өзбекстанның сыртқы саудасының 30%-дан астамын құрайды, ауыл шаруашылығы өнімі экспортының 75%-ы Одақ мемлекеттеріне тура келеді. Меморандум шеңберіндегі қысқа кезең ішінде біз Комиссиямен сындарлы байланысты жолға қоюға қол жеткіздік»,- деп атап көрсетті Бадриддин Абидов.

Отырыс барысында ЕЭК пен Өзбекстан өкілдері Бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыстың аралық қорытындысын шығарды, кедендік транзитті реттеу саласындағы, сондай-ақ санитариялық, фитосанитариялық, ветеринариялық шаралар мен ЕАЭО-да тұтынушылар құқықтарын қорғау салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
ЕАЭО Іскерлік кеңесі мен Өзбекстан бизнесінің өкілдері ынтымақтастықты рәсімилеу және біріккен бизнес-миссияларды ұйымдастыру арқылы ЕАЭО мен Өзбекстанның іскер топтары арасындағы диалогты қарқынды етудің маңыздылығы атап көрсетті.

Ресей-Өзбек іскерлік кеңесінің төрағасы Федор Дягтеревтың сөзінше, бұл бағыттағы маңызды қадам - экономикалық байланыстарды дамытуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауға бағдарланған ЕАЭО мемлекеттері мен Өзбекстан Республикасының іскерлік кеңестері өкілдерінің бірлескен отырысын өткізу болар еді. Федор Дягтеревтың пікірінше, тиісті сараптамадан кейін мұндай ұсыныстарды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Өзбекстанның арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың күн тәртібіне де, сол сияқты ЕЭК пен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыс тобының келесі отырыстарының күн тәртібіне де кірістіруге болар еді. Бизнес өкілі мұндай жұмыстың нәтижесін іскерлік кеңестердің сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кедергілерін оларды дер кезінде оқшаулау үшін анықтаудағы өскелең рөлінен көреді.

Іс-шара қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды, онда Одақ мемлекеттері мен Өзбекстан Республикасы арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды дамыту міндетін іске асыру жөніндегі ұсыныстар бекітілген.

Анықтама:

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2020 жылғы 11 желтоқсанда Өзбекстан Республикасына ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін берді.
2021 жылғы 30 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды және Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің 2021-2023 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді.

Өзбекстан ЕАЭО елдерінің ТМД елдері ішіндегі ЕАЭО-ға мүше емес бірінші сауда әріптесі болып табылады.
2015 жылы ЕАЭО құрылған сәттен бастап Өзбекстанмен тауар айналымы 2 есе өсті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ол 2019 жылдың деңгейімен салыстырғанда 4,1% артып, 9438,4 млрд АҚШ долл.құрады.