Жаңалықтар

20.01.2023 (Обновлено: 26.01.2023 14:51)

ЕЭК пен ЕАЭО елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары 2023 жылғы бірлескен жұмысты талқылады

ЕЭК Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры Данияр Турусбеков пен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жетекші БАҚ өкілдерінің кездесуі барысында 2023 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия мен ЕАЭО органдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу перспективалары талқыланды.

Кездесуді ашқан Данияр Турусбеков жиналған журналистерге ЕАЭО органдарының қызметін белсенді жазып, көрсеткендері үшін алғыс айтты және 2023 жылы ынтымақтастық бұдан да қарқынды болады деп сенім білдірді.

"Алқа Төрағасы атынан және біздің Департаменттің атынан сіздерге, құрметті әріптестер, Еуразиялық экономикалық интеграцияны жазып, көрсетудегі жан-жақты жәрдемдеріңіз үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Ішкі талдау қорытындысы бойынша белгілі болғанындай, 2022 жылы жариялы өрістегі хабарларда Одақ шамамен 90 мың рет, Комиссия 24 мың рет аталды. Тұтастай алғанда, халықтың ЕАЭО-ға деген ақпараттық қызығушылығының артуы байқалуда, бұл көп жағынан сіздердің еңбектеріңіз болып табылатыны сөзсіз. Бүгінде Одақтың барлық елінің 14 бұқаралық ақпарат құралынан 80-нен астам журналист аккредиттеуге Комиссияға өтінім берді. Біз бұған барынша қуаныштымыз және жемісті ынтымақтастығымызды тек нығайта түсуге дайынбыз",- деп атап өтті Данияр Турусбеков. 
Департамент директорының сөзінше, Комиссия БАҚ өкілдері үшін қашан да ашық және алдағы уақытта да тығыз әрі өзара пайдалы ақпараттық әріптестікке арналған басты бағытты ұстанатын болады

Данияр Турусбеков БАҚ өкілдерін 2-3 ақпанда Алматыда (Қазақстан Республикасы) өткізу жоспарланған Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысын, 24-25 мамырда болатын және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына орайластырылған Еуразиялық экономикалық форумды қоса, Ресей Федерациясы төрағалық ететін жылғы ЕАЭО-дағы алдағы ірі іс-шаралар туралы және Ресейде 2023 жылғы маусымға жоспарланған бірқатар өзге де ресми іс-шаралар жайында хабардар етті. 

Кездесу соңында БАҚ өкілдеріне Комиссияның іс-шараларына арналған жұмыс үшін ЕЭК-тің аккредиттеу карталарын тапсырудың салтанатты рәсімі болып өтті.

Анықтама

ЕЭК жанында аккредиттеуге ЕАЭО елдерінің неғұрлым рейтингті - "ТАСС" АА, РБК телеарнасы, "Российская газета", "Мир" МАТРК, "Хабар 24" телеарнасы, Қырғыз Республикасының Қоғамдық телерадиокорпорациясы (ҚТРК), Арменияның Қоғамдық телекомпаниясы, БелТА АА, "Қазақпарат" АА және басқалар сияқты бұқаралық ақпарат құралдарынан өтінім түсті.