Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Николай Рогожник бұл туралы «Металл-Экспо 2023» және Mitex 2023 - екі ірі халықаралық салалық көрмелік іс-шара шеңберінде мәлімдеді.
"Бүгінде біздің елдеріміздің алдында Еуразиялық технологиялық платформалардың жұмысына қатысуға ғылыми-зерттеу бірлестіктерін тарту бойынша маңызды міндет тұр. Бұл технологиялық егемендікке қол жеткізу жолында ЕАЭО мемлекеттерінің ғылыми әлеуетін шоғырландыру үшін қажет", - деп атап өтті Николай Рогожник.
Іс-шаралар аясында Комиссияның өнеркәсіп блогының өкілдері өнеркәсіп және ғылыми-зерттеу топтарының өкілдерімен бірқатар іскерлік кездесу және консультациялар өткізіп, олармен салаларды дамыту үшін өзекті әрі маңызды мәселелерді талқылады. Тараптар ЕАЭО шеңберінде кооперациялық өзара іс-қимылды дамытудың және машина жасау саласындағы интеграциялық процестерді тереңдетудің басым бағыттарын айқындады.
"Импортты ойдағыдай алмастырудың мысалдары мен мүмкіндіктері" дөңгелек үстелінің, "Өмірдің толық циклінің нәтижелері - стратегиялық инфрақұрылымды құрудағы жаңа басымдық" сессиясының және "Электр аспаптары мен шағын механикаландыру құралдары нарығы. Жай-күйі және перспективалары" конференциясының пікірсайыстарына қатысу барысында Николай Рогожник дайын өнімнің, құрауыштық базаның және оларды өндіруге арналған станоктардың бірқатар атаулары бойынша импортқа тәуелділік деңгейін төмендету мәселелерін көтерді. ЕЭК өкілі конструкторлық-зерттеу сегментінде интеграциялық өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылауға бөлекше назар аударды.
Форум аясында Комиссия делегациясы құрылыс-монтаж құралдары мен металл өңдеу жабдықтарын өндіруге, сондай-ақ осы саладағы технологиялық және ғылыми-техникалық жетістіктерге арналған экспозицияларды аралады.
Анықтама
MITEX Мәскеу халықаралық көрмесі - ЕАЭО мемлекеттерінің де, ТМД елдерінің де аспап өндірушілерін, жеткізушілері мен тұтынушыларын біріктіретін орталық өңірлік оқиға.
"Металл-Экспо" халықаралық өнеркәсіп көрмесі - қазіргі заманғы металл өңдеу жабдықтарын өндіру саласындағы техникалық жетістіктерді көрсету саласындағы орталық оқиғалардың бірі.
Іс-шараларға әртүрлі елден барлығы 1 мыңнан астам компания қатысты.