Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы тауарларға арналғандекларациянытолтыру тәртібіне өзгерістер енгізді.
Өзгерістер тауарлардың жекелеген санатын Еуразиялық экономикалық одаққа әкелу кезінде декларацияда белгілі бір мәліметтерді көрсету бойынша ережелерді одан әрі біріздендіруге бағытталған.
"Одақтың кедендік аумағына әкелінетін компрессорлар, тік типтегі мұздатқыш шкафтар, теміржол және трамвай вагондары, тракторлар, аспаптар мен аппаратуралар туралы декларациядаЕАЭО-ның барлық елі үшіннақты қандай мәліметтер көрсетілуге тиіс деген біркелкі ережелер көзделеді. Бұл жоғарыда аталған тауарлар санатын декларациялау кезінде бизнес үшін тең жағдай жасайды", – деп атап өтті Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Сергей Владимиров.
Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген.
Осы Тәртіпке № 2 қосымша ішкі тұтыну, кеден қоймасы үшін шығарудың, кеден аумағындағы қайта өңдеудің, кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің, уақытша әкелудің (жіберудің), уақытша әкетудің, кері импорттың, кері экспорттың, еркін кеден аймағының, бос қойманың кедендік рәсімдерімен орналастырылатын тауарлардың жекелеген санатына қатысты тауарларға арналған декларацияның 31-графасында 1 нөмірімен көрсетілетін нақтылау мәліметтерінің тізбесін, ал № 4 қосымша – экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлардықамтиды.