Жаңалықтар

22.03.2023 (Обновлено: 23.03.2023 13:50)

ЕЭК кәсіби бухгалтерлерді сертификаттау саласындағы жосықсыз бәсекелестік үшін Қазақстан мен Қырғызстан компанияларына тағы айыппұл салды

Жалпы сомасы үш миллион ресей рублі шамасындағы жаңа айыппұл сомасын өз елдерінің бюджетіне «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы» кәсіби бухгалтерлер ұйымы (Қазақстан Республикасы), «Еуразиялық сертификатталған көпшілікті бухгалтерлер институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қазақстан Республикасы), «Қырғызстанның кәсіби бухгалтерлері мен аудиторлары институты» қоғамдық бірлестігі (Қырғыз Республикасы) және «СИПАЕН» мекемесі (Қырғыз Республикасы) төлеуге тиіс.

Бұған дейін ЕЭК Алқасының 2023 жылғы 17 қаңтардағы шешімімен бұл компанияларға көпшілікті бухгалтерлерді сертификаттау жөніндегі қызметтердің трансшекаралық нарығында жосықсыз бәсекелестік үшін айыппұлдар тағайындалған болатын.

Ресейдің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның бірқатар шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Еуразиялық экономикалық комиссиясына бәсекелес тұлғалардың заңсыз әрекеттері туралы өтініші жаңа тергеу жүргізуге негіз болды.

Істі қарау барысында аталған компаниялардың сертификаттардың жеке тізілімінде басқа ұйымдар, оның ішінде өтініш берушілер берген сертификаттар туралы ақпаратты www.cipaprogram.org сайтында орналастырғаны анықталды. Сонымен қатар сайтта кейбір сертификаттардың қолданылуы тоқтатылғаны немесе жойылғаны және оларды қолдану/қайта шығару үшін осы ұйымдардың біріне кіруді талап ететіні хабарланған.

Басқа да анық емес мәліметтер де анықталды. Мысалы, кейбір сертификаттардың шығарылған жылында 1900 жыл көрсетілген.

Комиссия Алқасы қабылдаған шешімге түсініктеме бере отырып, ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Бақыт Сұлтанов: «Компаниялар ЕАЭО туралы шарттың 76-бабының 2-тармағын бұзды. Бұл жерде жосықсыз бәсекелстік туралы айтылып отыр. ЕЭК-ке бәсекелестікке қарсы мінез-құлық фактілері бойынша келіп түсетін өтініштердің ең көбі дәл осы бұзушылықпен байланысты екенін атап өтемін. Мысалы, 2022 жылы Комиссия қарастырған 26 өтінішітің 15-і жосықсыз бәсекелестікке қатысты болды».