Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік кооперацияны қолдаудың жаңа тетігін Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев Грозный қаласында өткен Кавказ инвестициялық форумы аясында «Кавказдың Еуразия бойынша әріптестермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін бәсекелестік артықшылықтары» атты дөңгелек үстелде ұсынды.
«Бұл қолдау шарасы Еуразиялық экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болып табылады және іс жүзінде бизнесті қолдаудың жанама шараларынан қаржылық көмек көрсетуге көшудің бетбұрыс кезеңін көрсетеді», – деп атап өтті Николай Кушнарев.
Оның айтуынша, ұсынылған тетіктің бірегейлігі оның ұлттық және өңірлік қолдау шараларымен бір мезгілде өнеркәсіптік кооперациялық жобаларды іске асыру үшін пайдаланылуы, сондай-ақ кооперациялық ынтымақтастықты ұйымдастырудың әртүрлі форматтарын көздеуі болып табылады.
Николай Кушнарев Комиссияның аталған тетік аясында пилоттық жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша кәсіпкерлермен және банктермен неғұрлым тығыз режимде жұмыс істеуге дайындығын атап өтті.
Ресейдің Экономикалық даму министрлігінің, Дағыстан Республикасы Үкіметінің, Әзірбайжан экономика министрлігінің, «РФ Кавказ» акционерлік қоғамының өкілдеріжәне іс-шараның басқа да қатысушылары ЕЭК-пен жаңа тетік бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екендігін растады.