Анықтама
Еуразиялық желілік университетті (ЕЖУ) құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға Бішкекте 2022 жылғы 25 мамырда Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕАЭО елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қол қойды.
ЕАЭО елдерінің кәсіби білім саласындағы ынтымақтастығы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 10.1 және 10.2-тармақтарында көзделген. Осы саладағы іске асыру механизмдері ЕАЭО еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын одан әрі дамытуға бағытталған.
"Еуразиялық экономикалық интеграция: теория және практика" оқу құралында ЕАЭО мемлекеттерінің интеграцияны дамытудың барлық функционалдық бағыты бойынша келісілген, теңдестірілген шешімдер әзірлеуінің құқықтық негіздері, форматтары мен практикасы ізеуіртті сипатталған. ЕЭК-тің лауазымды адамдары мен қызметкерлері кітаптың тең авторлары болды. Кітапты дайындау жөніндегі жұмыс тобын ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі, экономика ғылымының докторы, профессор, РҒА академигі Сергей Глазьев басқарды. Оқу құралы бакалаврларға, магистранттарға, аспиранттарға, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастар, мемлекеттік және муниципалдық басқару, халықаралық құқық сияқты бағыттар бойынша жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған.
Алматы менеджмент университеті (AlmaU) 1988 жылы құрылған және ТМД-дағы менеджерлердің жаңа толқынын даярлап шығаратын бизнес-білім берудің көшбасшыларының бірі болып табылады. Университеттің есебінде — ҚР кәсіпкерлерін менеджментке оқыту, ҚР-дағы алғашқы МВА және DBA бағдарламалары, үздік оқытушылар және сұранысқа ие түлектер бар.