Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті міндетті бағалауға жатқызылған, оларға қатысты кедендік рәсімдерге орналастырған кезде техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын өнімдер тізбесін бекітті.
Тізбені Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген ЕАЭО кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жатқызылған өнімдерді ЕАЭО кедендік аумағына әкелу тәртібін іске асыру үшін ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының ұсыныстарын ескере отырып әзірлеген.
Тізбеге ет өнімдерінің 11 тобына қатысты оныншы белгіге дейін ізеуірттелген ЕАЭО СЭҚ ТН 282 коды кірістірілген. Құжат сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға бағдарланған және кеден әкімшілігін жүргізу үшін қолданылады.