Жаңалықтар

20.04.2022 (Обновлено: 11.05.2022 15:26)

ЕЭК Одақта органикалық өнімнің бірыңғай нарығын қалыптастыруды жалғастырады

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-дағы органикалық өнімнің айналысы туралы келісім жобасын әзірлейді. Бұл жұмыс 2021 жылы Еуразиялық «бестік» елдерінің басшылары бекіткен Одақтың органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің бірыңғай нарығын қалыптастыру жөніндегі жол картасына сәйкес жүргізіледі.
Осыған байланысты ЕЭК Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің аграрлық-азық-түлік саясаты және табиғат пайдалану комитетінің Ресей органикалық өнімін дамытқаны үшін сыйлық алу конкурсын өткізу бастамасына қолдау білдіреді. ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян орнықты даму қағидаттарын қолдау, қоршаған ортаны сақтау және саламатты өмір салтын ілгерілету үшін өткізілетін конкурстың сарапшылық комиссиясына өзінің қатысатынын растады.
«Норма шығармашылығы жұмыстарымен қатар, тұтынушылар арасында да, бизнес-қоғамдастықтарда да органикалық өнім тұжырымдамасын ілгерілетуге назар аудару өте маңызды. Органикалық салада халықтық брендтердің қалыптасуы осы нарықтың дамуына, органика өндірушілердің брендтерінің танылуына ықпал ететіні сөзсіз. Бұдан әрі біз осы тәжірибені таратып, ЕАЭО шеңберінде осындай науқандарды ауқымды ете түсуге үміттенеміз»,- деп атап өтті Артак Камалян.
Конкурс шеңберінде «Роскачество» тілек білдірушілердің бәрі қатыса алатын халықтық органикалық брендті таңдау жөнінде онлайн-дауыс беруді ұйымдастырды.

Анықтама

ЕАЭО-да органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің бірыңғай нарығын қалыптастыру жөніндегі жол картасы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 20 тамыздағы өкімімен бекітілген. Құжат Одақ шеңберінде органикалық өнімнің кедергісіз айналысына, бейінді халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылға, сондай-ақ сыйлықақылы халықаралық нарықтарға қол жеткізу бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған халықаралық шартты дайындауды көздейді.