«Бұл семинарлар маңызды және қажет, өйткені олар біздің өзбек әріптестерімізді Одақтың техникалық реттеу жүйесінің негізгі қырлары туралы хабардар етуге бағытталған. Олар техникалық реттеу саласындағы тәсілдемелерімізді үндестіруге ықпал етеді және әріптестеріміздің Одақта белгіленетін өнімге қойылатын талаптарды қолданудың практикалық тәжірибесімен танысуына көмектеседі», — деп атап көрсетті Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Лили Максудян.Семинарда өнімге қойылатын бірыңғай міндетті талаптар туралы ақпарат ұсынылды, сәйкестікті бағалаудың, аккредиттеудің, Одақтың ішкі нарығын қорғау шараларын қолданудың, ЕАЭО-да өнім қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылаудың (қадағалаудың) және «ЕАЭО шеңберінде цифрлық техникалық реттеу» жобасын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.
Техникалық реттеу департаментінің және Одақ елдерінің уәкілетті органдарының өкілдері өзбек әріптестерін қызықтырған сұрақтарға, атап айтқанда, кедендік шекараға әкелгенге дейін импортталатын өнімнің сәйкестігін растау нормалары мен механизмдерін қолдану практикасына, ЕАЭО елдерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді әкелудің жолын кесудің тиімді әдістері мен рәсімдерін ендіру жөніндегі тәжірибесіне, қазіргі кез шындығында Одақ нарығындағы өнімді айналысқа шығару рәсімдеріне қатысты жауап берді. Аккредиттеу, өнімді мемлекеттік бақылау және тіркеу, Одақ елдерінің мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылы мәселелері сөз болды.
Өзбек техникалық реттеу агенттігі бас директорының орынбасары Абдурауф Абдукаюмов берілген ақпарат пен ЕАЭО талаптарына сәйкес техникалық реттеу саласындағы заңнаманы үндестіру жөніндегі жұмыста Өзбекстанның алдағы қадамдарын түсінуге көмектесетін ынтымақтастық үшін ЕЭК-ке алғысын білдірді, өйткені бұл сала Өзбекстанның Одақпен өзара іс-қимылындағы басымдықтардың бірі болып табылады.
Тараптар ЕАЭО мен Өзбекстанда техникалық реттеу саласындағы жұмыс туралы тәжірибе алмасу және хабардар болушылық деңгейін арттыру мақсатында осындай семинарларды тұрақты өткізу туралы уағдаласты.
Анықтама
Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі жанындағы Өзбек техникалық реттеу агенттігі Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 02 маусымдағы «Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік басқаруды түбегейлі жетілдіру туралы» № УП-6240 Жарлығына сәйкес Өзбек стандарттау, метрология және сертификаттау агенттігі базасында құрылды.
Агенттік — құқықтар, міндеттемелер, соның ішінде халықаралық шарттар бойынша міндеттемелер жөніндегі «УЗ стандарт» агенттігінің құқықтық мирасқоры болумен бірге, техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі мемлекеттік басқару органы.