Жаңалықтар

14.11.2023

ЕЭК Беларусьта ішкі нарықты қорғау және кедендік-тарифтік реттеу бойынша семинар өткізді

9-10 қарашада Минскіде Беларусь Республикасының мемлекеттік органдары мен бизнес-қоғамдастығы үшін Беларусь СІМ-і Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп ұйымдастырған "Еуразиялық экономикалық одақта ішкі нарықты қорғау шараларын және кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану" семинары өтті.

Семинарды Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Игорь Назарук ашты. ЕЭК тарапынан семинарға ЕЭК Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян, ЕЭК Ішкі нарықты қорғау департаментінің директоры Андрей Захаров, сондай-ақ кедендік-тарифтік реттеу саласындағы бастамашыл ұсыныстарды, сауда қорғау шараларын қолдануға арналған өтініштерді қараумен, қорғау тергеп-тексерулерін жүргізумен тікелей айналысатын сарапшылар қатысты.

Комиссия өкілдері кедендік-тарифтік реттеу саласындағы бастамашыл ұсыныстарды дайындау ерекшеліктеріне және ішкі нарықты қорғау шараларын қолдануға өтініштерді дайындау бойынша ұсынымдарға қатысты практикалық мәселелерді ашып көрсетті. Тарифтік жеңілдіктер механизмін қолдануға, ЕАЭО БКТ бажы ставкаларын арттыруға, өтініштерді дайындау үшін дәлелдемелік базаға, қорғау тергеп-тексерулерін жүргізудің рәсімдік аспектілеріне және ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану туралы шешімдер қабылдауға байланысты мәселелер семинарға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Іс-шараға Беларусь Республикасының 74 кәсіпорнынан, ұйымдарынан, министрліктері мен ведомстволарынан бір жүзден астам қызметкер қатысты.