Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің материалдарын қарау нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогы өрт-техникалық арматураны жеткізумен айналысатын ресейлік компанияға қатысты іс қозғады.
Іс өрт клапандарын көтерме саудада сатудың трансшекаралық нарығындағы жосықсыз бәсекелестікке салынған тыйымдарды бұзу белгілері бойынша қаралады.
Еуразиялық экономикалық одақтың құқығымен істі қарау үшін 120 жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгіленген. Шешім қабылдау үшін іс нәтижелері ЕЭК Алқасына ұсынылатын болады.