Жаңалықтар

28.12.2022

ЕЭК Еуразиялық өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру тұжырымдамасын әзірлейді

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жоспарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге кірісті. 

Бұл үшін Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде және үшінші елдерде қолданылатын осындай жүйелерге талдау жүргізілді. Талдамалы деректер негізінде ұсынымдар тұжырымдалды, бұлар Еуразиялық тұжырымдама жобасын әзірлеудің негізіне алынады. Жүргізілген талдау нәтижелері ЕЭК Алқасының отырысында таныстырылды. 

Одақ аумағында айналысқа шығарылатын өнім сапасын қамтамасыз ету Еуразиялық экономикалық интеграцияны ойдағыдай дамытудың, Одақтың ортақ нарығында адал бәсекелестік үшін жағдайлар жасаудың, тұтынушылар құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау кепілдігінің, сыртқы нарықтарда ЕАЭО елдері өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды шарты болып табылады. 

Бұл жұмыс Одақта бизнес үшін бәсекеге қабілетті өнім өндірісі жөнінде қолайлы жағдайлар қалыптастыру жүйесін құруға, тұтынушы үшін - нарықта сапалы өнім айналысы жөнінде қажетті жағдайлар жасауға бағытталған. Комиссия 2023 жылдың аяғына дейін Одақ мемлекеттерінің басшылары оған қол қоюы үшін Тұжырымдама жобасын пысықтау жұмысын жалғастырады.