19 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 20 қосымшасында белгіленген табиғи монополиялар салаларында қол жеткізуді реттеу қағидаттары мен қамтамасыз ету қағидаларын қолдану бойынша жалпы көзқарасты қамтамасыз ететін ұсынымды қабылдады.
Құжат түсіндірмелі ақпараттық сипатта болады, бұл Одақ құқығын біркелкі қолдануға бағытталған құжаттарды әзірлеу бөлігінде еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауға ықпал етеді.
«Ұлттық заңнамалардың нормалары мен ережелерінде қамтылуы тиіс қағидаттарды жалпы түсінік реттелетін қызметтерге қол жеткізудің ықтимал кемсітушілік жағдайларын болдырмауға ықпал ететін болады», – деп атап өтті ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.Қабылданған құжат тұтынушылар мен бизнеске табиғи монополиялар қызметтерін мемлекеттік реттеуде қолданылатын тәсілдер мен қағидаттар туралы нақты түсінік қалыптастыруға көмектеседі, осылайша олардың қолжетімділік деңгейін арттырады.
Анықтама
ЕАЭО мемлекеттерінің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үйлестіруді жүргізу кезектілігін айқындау жөніндегі жол картасының 9-тармағында (2017 жылғы желтоқсанда ЕЭК Кеңесі бекіткен) Алқаның «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен жалпы қағидаларын қолдану туралы ұсынымын қабылдау көзделген.