Жаңалықтар

07.02.2023

ЕЭК бизнестің бірқатар тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне рұқсатты ресімдеу шығындарын қысқартады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы сыртқы саудада оларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірқатар тауарлар үшін рұқсат беру құжаттарында арналым немесе жөнелтім елі туралы ақпаратты толтыру тәртібін біріздендіру туралы шешім қабылдады. Осының арқасында кеден органдарында құжаттың тиісті жолында бірден бірнеше елді көрсету мүмкіндігі пайда болады. 

"Қабылданған өзгерістер сыртқы сауда келісімшартына сәйкес тауарларды әкелуге (әкетуге, транзитіне) бірнеше елдің атына бір қорытынды ресімдеуге мүмкіндік береді, бұл сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың уақыт және материалдық шығындарын қысқартуға көмектеседі", — деп түсіндірді ЕЭК Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

Сондай-ақ, оның сөзінше, Одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдарына түсетін жүктеме азаяды, олар үшін бір шарттың шеңберінде өткізілетін тауарларға әр елге арнап дербес құжаттар ресімдеу қажеттігі жойылады.

ЕЭК Алқасы шешімінің жобасын әзірлеуге Еуразиялық экономикалық комиссия, соның ішінде бизнес-қоғамдастықтың өтінішіне байланысты бастамашы болды.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.