Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренконың төрағалығымен өткен Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі Консультативтік комитеттің отырысында «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы», «Жоғары жылдамдықты темір жол көлігінің қауіпсіздігі туралы» және «Темір жол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенттеріне енгізілетін № 2 өзгерістер жобаларын жария талқылауға жіберу үшін мақұлданды.
ЕЭК Алқасының отырысында «Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техрегламентіне енгізілетін № 1 өзгерістер жобасы және Одақтың екі техрегламентіне, яғни «Азаматтық қорғанысқа және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» және «Метрополитеннің жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламалар қарау үшін мақұлданды.
Сондай-ақ Консультативтік комитет ЕЭК Алқасының отырысында қарау үшін ветеринарлық мақсаттағы дезинфекциялау, дезинсекциялау және дезакаризациялау құралдарының Одақ нарығында айналысы үшін бірыңғай талаптар мен жағдайларды көздейтін тауралардың осы түрінің айналымын реттеу қағидаларын және ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер жобасын жіберуді ұсынды, ол медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды және ветеринарлық дәрілік заттарды таңбалауға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасы қағидаларын орындау үшін өтпелі кезеңдерді айқындайды.
Одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдарының ұсыныстары бойынша Консультативтік комитет Еуразиялық экономикалық одақтың «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техрегламентін іске асыру аясында екінші деңгейдегі құжаттарды жасау жөніндегі сараптамалық жұмыс тобының өзекті құрамын бекітті.
Одақтың жекелеген техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарау қорытындылары бойынша Комиссия жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының, оның ішінде Одақтың техрегламенттерінің ғылыми-техникалық деңгейін бағалау жөніндегі нәтижелердің негізінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Техникалық регламенттерді әзірлеу жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау үшін осындай ҒЗЖ нәтижелерін қосымша пысықтайтын болады.