Жаңалықтар

21.02.2022

ЕЭК Одақ елдерімен бірлесіп микроэлектроника өндірісі саласында өнеркәсіптік кооперацияның жаңа жолдарын іздеуді жүргізеді

21 ақпанда Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян, бірқатар ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті органдарының басшылары, сондай-ақ Одақтағы елуге жуық аса ірі микроэлектроника өндіруші компаниялар мен әзірлеуші компаниялардың өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі микроэлектроника өндірісі саласында кооперацияны дамытуды талқылады. Дөңгелек үстелді ЕЭК өнеркәсіп блогы Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Пікірсайысқа қатысушылар Одақтың микроэлектроника саласындағы өндірістік кешенінің мүмкіндіктері мен перспективаларын, сондай-ақ осы сектордағы кооперацияның бағыттарын қарады.

«Бүгінгі іс-шара біздің мемлекеттеріміздің басшыларының тапсырмасы бойынша ЕАЭО-ның микроэлектроника саласында бірыңғай ұзақ мерзімді стратегиясын құру жөніндегі тұжырымдамалық тәсілдемелерді талқылау үшін ұйымдастырылды. Есептеу микроэлектроникасының ұлттық өндірісін дамыту мәселесі Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде ғана өзекті болып отырған жоқ. Жақында ғана ЕО кеңістігінде микрочиптер өндірісін екі есе арттыруды көздейтін заң қабылданды, бұл осы өңірдің барлық елінің жиынтықтаушылар жеткізіліміне тәуелділігін көрсетеді. Сөйтіп, ЕАЭО мемлекеттерінің өндірістік және ғылыми әлеуеттерін біріктіру Одақтың экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, сонымен бірге, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және айтарлықтай дәрежеде ұлттық нарықтардың шетелдік өндірістің өніміне тәуелді болмауын нығайтады деп ойлаймын»,- деп атап өтті Артак Камалян.

Анықтама

Одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдары атынан дөңгелек үстелге Беларусьтың Өнеркәсіп министрі Петр Пархомчик, Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Василий Шпак, Арменияның Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрінің орынбасары Рафаел Геворкян және Арменияның Экономика министрінің орынбасары Роберт Хачатурян қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ Одақтағы елуге жуық аса ірі микроэлектроника өндіруші компаниялар мен әзірлеуші компаниялардың өкілдері қатысты. Олардың арасында: «Интеграл» ААҚ (Беларусь), «Планар» ААҚ (Беларусь), «Росатом» МК (Ресей), «Микрон» АҚ (Ресей), «Элемент» МК (Ресей), «МЦСТ» АҚ (Ресей), «Модуль» ҒТО АҚ (Ресей), «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ (Қазақстан) және басқалар бар.