Жаңалықтар

05.10.2021 (Обновлено: 09.02.2022 10:40)

ЕЭК өзара электрондық сауда кезінде ҚҚС алу мәселесін реттейді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкіметтерімен бірлесіп, арналым елі қағидаты бойынша өзара электрондық сауда шеңберінде жанама салықтар алуды көздейтін ұсыныстар дайындауды тапсырды.


«Бүгінде өзара электрондық сауда шеңберінде жеке тұлғалар атына әкелінетін, Одақ елдері арасындағы тауарларға салық салудың реттелмегендігі саланың одан әрі дамуына кедергі келтіретін проблемалардың бірі болып табылады»,- деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Осы себеп бойынша ЕАЭО-ның бір елінде тауарларды интернет-алаңнан сатқан кезде Одақтың екінші еліндегі тұтынушыларға қосарланған салық салу жағдайы туатын жағдаят қалыптасады. Нәтижесінде электрондық сауданың әлеуеті толық ашылмайды, ал оның Одақ ішіндегі өсу қарқыны үшінші елдермен электрондық саудамен салыстырғанда айтарлықтай төмен болып шығады.

ЕЭК Кеңесінің тапсырмасы тап осы пайда болған проблеманы шешу мақсатында қабылданды. Дайындалған ұсыныстарды 2022 жылғы І тоқсанда Одақ елдері вице-премьерлері деңгейінде талқылау бағамдалып отыр.