Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторларын көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің қатысушылары құрамына қосты.
Ұлттық операторларды электрондық паспорттар жүйесінің қатысушылары тізбесіне қосу оларға өздеріне жүктелген функцияларды толық шамада жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олар электрондық паспорттар базасына, сондай-ақ электрондық паспорттарды ресімдеуге уәкілетті органдар мен ұйымдардың тізіліміне толық қол жеткізеді.
Анықтама
ЕЭК Алқасының аталған тақырыптағы түйінді шешімдері арасында - 2015 жылғы 22 қыркүйектегі "Көлік құралдарының электрондық паспорттарының (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің жұмыс істеу тәртібін бекіту туралы" № 122 шешімі, 2015 жылғы 1 қыркүйектегі "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің), өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шассилерін), өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерін әзірлеуші ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекіту туралы" № 112 шешімі бар.