Жаңалықтар

21.11.2023

ЕЭК Дәрілік нысандар номенклатурасына өзгерістер енгізді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 21 қарашадағы отырысында қабылданған шешіммен Еуразиялық экономикалық одақ Фармакопеясының 2022 жылы шыққан 2-бөлігіне сәйкес медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттардың дәрілік нысандарының атаулары біріздендірілді.


Қабылданған шешім дәрілік нысандардың сапасын бағалау және Одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімін жүргізу кезінде оларды біркелкі көрсету үшін Одақтың Фармакопеясына сәйкес дәрілік нысандардың атауларын қалыптастырудың және біріздендірілген терминдерді пайдаланудың бірыңғай тәсілдемелерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Құжат ветеринариялық дәрілік препараттардың дәрілік нысандарының номенклатурасымен де толықтырылды. Бұл көрсетілген дәрілік нысандардың атауларын қалыптастыруға және Одақтың тіркелген ветеринариялық дәрілік препараттарының тізілімін жүргізу кезінде ветеринариялық дәрілік заттардың айналысы саласындағы ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті органдарының (сарапшылық мекемелерінің) ветеринариялық дәрілік препараттардың сапасын бағалауды жүргізуге орайлас біркелкі тәсілдеме үшін қажет.