Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы тауарларды дьюти-фри дүкендерінде сату үшін салмағы мен сырт ауқымы бойынша шектеуді алып тастады. Бұрын ауыр салмақты (салмағы 20 кг асатын) және абажадай тауарларды (ұзындығы, ені және биіктігі бойынша өлшемдер қосындысымен 200 см асатын) сатуға тыйым салынды.
Сондай-ақ, кедендік әкету баждары салынатын тауарлар, егер олар бөлшек саудаға дайындалып, дайын өнім түрінде тұтыну ыдысына өлшеніп оралса, тыйым салудан шығарылды.
Шешім бажсыз сауда дүкендерінде тауарлар ассортиментін кеңейту мақсатында ЕАЭО бизнес-қоғамдастығының тиісті сұрау салуы шеңберінде қабылданды.
Анықтама
Армения Республикасында шектеу өз күшін сақтайды.