Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамыткановтың төрағалық етуімен өткен Еуразиялық экономикалық одақта кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысында ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы бірінші кешенді хаттаманың жобасына кіретін түзетулер топтамасы келісілді.
Бұл өзгерістер мүше мемлекеттер үшін кеден саласында басымдықты болып табылады. Олар Кеден кодексін қолдануға байланысты бірқатар проблемалық мәселені реттеуге, Одақтың кедендік шекарасы арқылы жүктердің өтуін оңайлатуға және тездетуге, тауарлардың жекелеген санаты үшін кедендік операциялар жасау ерекшеліктерін белгілеуге көмектеседі.
Бұл мәселелер, атап айтқанда, кедендік шекара арқылы контейнерлерді өткізу тәртібі, транзиттік және каботаждық тасымалдарды жүзеге асыру, кеден қоймасының, еркін кеден аймағының және еркін қойманың кедендік рәсімдерін қолдану болып табылады.
Әзірге соңына дейін келісілмеген жекелеген мәселелерді талқылай келіп, жұмыс тобының мүшелері ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы бірінші кешенді хаттаманы құқықтық сараптамаға және содан кейін мемлекетішілік келісуге жіберуді мақұлдады.
Анықтама
Еуразиялық экономикалық одақта кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы ЕЭК Алқасының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 125 өкімімен Одақ шеңберінде халықаралық шарттарда кедендік құқықтық қатынастарды реттеуді іске асыруды талап ететін, ЕАЭО-да кедендік реттеуді жетілдірудің тұжырымдамалық мәселелері бойынша шешімдерді талқылап, қабылдау үшін құрылды.