Жаңалықтар

29.02.2024

Сарапшылар ЕАЭО елдерінің тауарларды декларациялау жөніндегі бастамаларын талқылады

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік органдары мен бизнес-қоғамдастықтарының сарапшылары 28 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның бейінді Консультативтік комитеті жанындағы кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында Тауарлар декларациясын толтыру тәртібіне өзгерістер енгізуге бағытталған ЕАЭО елдерінің бірқатар бастамашыл жобаларын талқылады.

Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру және тексерулер санын азайту үшін контейнерлер туралы мәліметтерді көрсетуді оңтайландыру, сондай-ақ тауарлар декларациясын, транзиттік декларацияны және көлік құралына арналған декларацияны тіркеуді ресімдеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі қаралды.

Бұған қоса, мәжіліске қатысушылар ЕЭК Алқасы шешімдерінің бұрын келісілген басқа да жобаларын алға жылжыту туралы, оның ішінде олардың реттеуші әсерін бағалау рәсімін жүргізу аясында хабардар етілді.

Анықтама

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген.

Кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобы ЕЭК Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитетінің шешіміне сәйкес құрылған.