Жаңалықтар

01.10.2024

Эльдар Алишеров ЕАЭО елдерінің ұлттық статистикалық қызметтерінің басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді

30 қыркүйекте III Еуразиялық экономикалық форум шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Эльдар Алишеровтің Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұлттық статистикалық қызметтерінің басшыларымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің күн тәртібіндегі маңызды мәселе ЕАЭО статистикасы саласындағы интеграцияны стратегиялық дамытудың 2030 жылға дейінгі мақсаттарын, негізгі міндеттері мен бағыттарын айқындауға қатысты болды.

«Келесі бес жылдық кезеңге арналған еуразиялық статистиканы дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлей отырып, біз оның Одақтың жұмыс істеуі мен даму процестерін талдау үшін пайдаланушылардың кеңейіп отырған ақпараттық қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырғанын, сондай-ақ еуразиялық интеграцияны дамытуға жәрдемдескенін қалаймыз, - деп атап өтті Эльдар Алишеров. – Статистика неғұрлым қолжетімді, сапалы және пайдалы болуы үшін біз ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және деректердің жаңа көздерінің қарқынды дамуын ескере отырып, бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыруымыз қажет».

Ұлттық статистикалық қызметтердің басшылары Одақта статистикалық қызметті одан әрі дамыту тақырыбын жалғастыра отырып, ұлттық статистикалық қызметтердің ұзақ мерзімді перспективаға арналған стратегиялары/даму жоспарлары туралы ақпаратпен бөлісті және Комиссиямен бірлескен іс-шараларды іске асыру үшін өзекті бағыттар бойынша ұсыныстар енгізді.

Кездесу барысында статистикалық саланы цифрландыруды талқылауға ерекше назар аударылды. Бұл цифрлық күн тәртібі басталатын және оны барлық кезеңдерде Одақ мемлекеттерінде де, Еуразиялық экономикалық комиссияда да іске асырумен бірге жүретін сала.

«Біз қол жеткізілген ынтымақтастық деңгейіне қанағаттанамыз. Біз бірлескен жұмыстың маңызды бағыттары бойынша одан әрі қадамдарды келісуге қол жеткіздік, бұл Одақтың ресми статистикалық ақпаратының үйлесімділігі мен салыстырмалылық дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Эльдар Алишеров.

Кездесу асяқталғаннан кейін ЕЭК министрі Армения Республикасының Статистикалық комитетінде болды, онда Армстат басшылығымен кездесті және ұлттық статистиканың стратегиялық даму бағыттарымен танысты.