Жаңалықтар

21.02.2022 (Обновлено: 05.03.2022 15:05)

ЕАЭО-дағы электрондық көрсетілетін қызметтерге оларды тұтыну орны бойынша ҚҚС салынатын болады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақта көрсетілетін қызметтердің электрондық саудасына салық салу механизмдерін мақұлдады және қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерге жолдады.

Салық салу механизмі тұжырымдамалық тұрғыда:

- көрсетілетін қызметтерге тұтыну орны бойынша ҚҚС төлеуді;

- салық төлеушіні «қашықтан» және оңайлатып тіркеуді;

- салық декларациясын оңайлатып беруді көздейді.

Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің тізбесі қазірдің өзінде ЕАЭО елдерімен келісілді және ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер бекітілгеннен кейін Кеңестің қарауына енгізілетін болады.

«Электрондық көрсетілетін қызметтер нарығы барынша тез өсуде. Біздің ортақ міндетіміз - Одақ елдерінің бюджеттеріне де, азаматтарға да нұқсан келтірмей, дамудың оңтайлы жағдайларын жасау»,- деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев.