Жаңалықтар

08.06.2016

ЕЭК жанындағы Салық саясаты және әкімшілендіру жөніндегі консультативтік комитеттің тоғызыншы отырысы

Бет мазмұны8 маусымда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменовтің төрағалық етуімен ЕЭК жанындағы Салық саясаты және әкімшілендіру жөніндегі консультативтік комитеттің тоғызыншы отырысы өтеді. Отырысқа Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) салық қызметтерінің өкілдері қатысады. Күн тәртібінде шамамен 14 мәселе бар. Атап айтқанда, мүше-мемлекеттердің тікелей және жанама салық салу саласындағы халықаралық құқықтық актілердің жобаларын қарау жоспарланып отыр. Сонымен қатар: - 2, 4, 8, 21-тармақтар бөлігінде (ЕАЭО туралы шартқа № 18-қосымша) – Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; - ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттен өз мемлекетінің салық органы белгісі бар тауарларды әкелгені және жанама салықтарды төлегені туралы өтінішті импортердан алған сәтке дейін Армения Республикасының экспортерына ҚҚС нөлдік мөлшерлемесін ұсыну мүмкіндігі бөлігінде (ЕАЭО туралы шартқа № 18-қосымша) - тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; - 2009 жылғы 11 желтоқсандағы жанама салықтардың төленген сомалары туралы ЕАЭО мүше мемлекеттердің салық органдары арасындағы электрондық түрдегі ақпарат алмасу туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы; - сату бойынша айналымы (операциясы) осы мемлекеттің аумағында ҚҚС-тан босатылған (ҚҚС бойынша салық салуға жатпайтын) тауарларды мүше мемлекеттердің аумағына әкелген кезде жанама салықтармен салық салу туралы өзара саудадағы жанама салықтарды төлеуге байланысты бірқатар неғұрлым проблемалық мәселелер қаралатын болады. Бұдан басқа, салықтық әкімшілендіру мәселелерін жетілдіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдары арасында электрондық түрдегі ақпарат алмасу туралы хаттама жобасына мемлекетішілік келісім барысын талқылау болжанып отыр. Осы жылдың қыркүйек айында Алматыда «Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде салықтық қатынастарды реформалау. Экономика және қаржы саласында өзін-өзі реттеуді дамыту» атты халықаралық салықтық конференция өткізу туралы мәселені қарау жоспарланып отыр. Интеграциялық бірлестіктерде салық салу мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу шеңберінде ЕАЭО мемлекеттерінің қаржы және салық органдары үшін білім беру бағдарламасының семинарларын өткізу графигін келісу болжанып отыр. Білім беру бағдарламасын ЕЭК Вена Экономика және бизнес университетімен бірлесіп ұйымдастырады.