Бет мазмұны18 қыркүйекте Мәскеуде Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Тайыр Мансұровтың төрағалығымен Табиғи монополиялар жөніндегі Консультативтік комитеттің жетінші отырысы өткізіледі.
Іс-шара Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі мемлекеттік билік органдарының уәкілетті өкілдерінің, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен өткізіледі.
Отырыстың барысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі қызметті реттеу жүйесінің салыстырмалы талдау есебінің және тәжірибесінің нысаны қарастырылатын болады. Бұл нысан алдағы уақытта ЕЭО мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамаларын үйлестіру туралы жыл сайынғы ақпараттарды қалыптастырғанда пайдаланылатын болады.