Бет мазмұны20 қыркүйекте Мәскеуде ХШЖК алаңында
«Текстильлегпром» тоқыма және жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен жабдықтарының аса
ірі федералдық көтерме жәрмеңкесі шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия
жанындағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы сараптама тобының алтыншы отырысы өтеді.
Сараптама
тобы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсібін дамыту
бойынша 2015-2016 жылдарға арналған жоспарын іске асыру қорытындыларын
талқылайды. Бірлескен кооперациялық және (немесе) инвестициялық жобаларды іске
асыру тетіктеріне, саладағы ең жаңа технологияларды бірлесіп игеруге, саланың
өндірушілерін қолдаудың өзекті шараларына ерекше назар аударылады.
Бұл
тетіктер ЕЭК Жоспардың жекелеген іс-шараларын іске асыру мақсатында әзірлеген
Комиссияның нормативтік актілерінің жобаларында көзделеді.
Отырысқа қатысуға Еуразиялық
экономикалық комиссия департаменттерінің, Еуразиялық экономикалық одақ елдері
уәкілетті мемлекеттік органдарының, жеңіл өнеркәсіп салалық қауымдастықтарының,
сондай-ақ саланың аса ірі өндірушілері мен ғылыми топтарының өкілдері
шақырылған.