Бет мазмұны22 тамызда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Мұқай Қадырқұлов ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің 10-отырысын өткізеді.
Отырысқа Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, кеден қызметтері мен өзге де мүдделі ведомстволардың сарапшылары, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнес-қауымдастығы өкілдері қатысатын болады.
Консультативтік комитет мүшелері Одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобильмен (аралас) өткізу пунктерінде көлік (автомобиль) бақылауын жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден органдарының лауазымды адамдары үшін әдістемелер (нұсқаулықтар) әзірлеу барысын талқылайтын болады.
Отырыс барысында Одаққа мүше мемлекеттердің автомобильмен (аралас) өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді, тауарлар мен жануарларды ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы өткізуді ұйымдастырудың типтік схемасы туралы ЕЭК Алқасы ұсынымының жобасын одан әрі әзірлеу туралы мәселе қаралады.
Жұмыс іс-шарасының күн тәртібінде ЕАЭО КК-нің 11-бабына сәйкес алдын ала ақпарат беруге байланысты ЕЭК Алқасының шешімдерін, өкімдерін және ұсынымдарын пысықтау (қажет болған кезде әзірлеу) мақсатында алдын ала ақпарат беру жөніндегі сараптамалық топ құру мәселесі де бар.