Күнтізбе

28.11.2016

ЕАЭО кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің 11-отырысы

Бет мазмұны28 қарашада Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Мукай Кадыркулов ЕАЭО кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің 11-отырысын өткізеді. Консультативтік комитеттің отырысында мынадай мәселелер қаралады: - ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнес қоғамдастығы өткізетін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі бақылаушы органдардың қызметін бағалау жөніндегі сауалнама нәтижелері туралы; - Теңіз өткізу пункттерінде электрондық құжаттардың пайдаланылуын көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізу туралы; - Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің автомобиль (аралас) өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді, тауарлар мен жануарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуді ұйымдастырудың типтік схемасы туралы» ұсынымының жобасын әзірлеу барысы туралы; - ЕЭК Алқасының «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль (аралас) өткізу пункттерінде көлік (автомобиль) бақылауын жүзеге асыратын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының лауазымды адамдарына арналған әдістемені (нұсқаулықты) бекіту туралы» шешімінің жобасын әзірлеу барысы туралы.​