Бет мазмұны30 қыркүйекте Сочиде Еуразиялық экономикалық
комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі
(министр) Сергей Сидорскийдің төрағалығымен Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік
комитеттің отырысы өтеді.
Отырыс барысында Өнеркәсіптік кооперация мен
қосалқы контрактацияның Еуразиялық желісін құру, сондай-ақ Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық комиссиямен өнеркәсіп
тауарларына қатысты айрықша субсидияларды ерікті түрде келісуі мәселелері
қаралатын болады. Іс-шараға қатысушылар Еуразиялық экономикалық комиссияның,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Еуразиялық даму
банкінің интеграциялық әлеуеті бар кооперациялық жобаларды қаржыландыру
мәселелері бойынша өзара іс-қимылы мәселелері жөніндегі құжаттардың жобаларын
талқылайды.
Бұдан басқа, Комитет отырысының күн тәртібіне Одақ
шеңберінде ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытуға қатысты салалық
өнеркәсіптік ынтымақтастық және Одаққа мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсібін
дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2015-2016 жылдарға арналған жоспарын іске асыру
мәселелері енгізілген.
Комитет мүшелері тараптар өкілдерінің ЕАЭО
органдарының бұрын қабылданған шешімдерінің орындалуы туралы ақпаратын да
тыңдайды.