тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
15.05.2023

ЕЭК еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді

Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық Еуразиялық экономикалық комиссияның және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) өзара қарым-қатынасындағы басымды міндеттерінің бірі болады.

Бұл туралы Париждегі ЭЫДҰ штаб-пәтерінде өткен кездесу барысында ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев пен Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі директорат директоры Стефано Скарпетта келісті.

Кездесуде жұмыс істеуге келген мемлекеттегі мигранттардың еңбек қызметі мен әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев ЭЫДҰ-ның экономикалық даму стандарттарын белгілеу мен ұсынымдарды әзірлеудегі маңызды рөлін атап өтті.

«Осыған байланысты ЭЫДҰ мен ЕЭК арасында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тәжірибемен және үздік практикамен алмасу өзекті болып табылады және ЕАЭО-ның бірыңғай еңбек нарығын одан әрі қалыптастыру және азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін», - деп атап өтті ЕЭК министрі.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған бағыттар бойынша ЕЭК пен ЭЫДҰ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеу туралы келісілді.