2024 жылдың екінші тоқсанында Армения мен Қырғызстанның қор биржалары өткен жылдың ұқсас кезеңіне қатысты сауда-саттық көлемін ұлғайту бойынша көшбасшылары болды. Қазақстандық Astana International Exchange (AIX) қор биржасы сауда-саттық көлемін 3,3 есеге арттырды. Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мемлекеттерінің қор нарықтары қалыпты өсуді көрсетті.
Сонымен қатар «Еуразиялық сауда жүйесі «Тауар биржасы» АҚ (Қазақстан) қоспағанда, тауар биржалары сауда-саттық көлемінің өскенін көрсетті. Мұнай өнімдерінің баға индекстері өсті, ауыл шаруашылығы өнімдерінің әртүрлі түрлеріне баға динамикасы көп бағытты болып қалды.
Қор және тауар биржаларындағы сауда-саттық нәтижелерімен ЕЭК сайтындағы Статистика департаментінің «Биржалық сауда» бөлімі парақшасының «Экспресс-ақпарат» шағын бөлімінде толығырақ танысуға болады.