Жаңалықтар

27.05.2022

ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары 2025-Стратегиясын орындау қарқынына жоғары баға берді

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 27 мамырдағы отырысында Еуразиялық экономикалық комиссия мемлекет басшыларына Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын орындау барысы туралы баяндаманы ұсынды.

2021 жылдың қорытындылары бойынша 2025-Стратегиясын орындау қарқыны жоспарланғанға сәйкес келеді. 2021 жылға арналып барлығы 84 іс-шара қатталған. Бұдан басқа, 100-ден астамы тұрақты негізде жүзеге асырылуда. 

Мемлекет басшылары Комиссияға жұмысты жалғастыруды тапсырды. 

2025-Стратегиясы интеграцияны одан әрі дамытудың 11 бағытын және оларды іске асырудың 332 шарасы мен механизмін қамтиды. 2025-Стратегиясын іске асыру жоспары 523 іс-шараның көмегімен осы шаралар мен механизмдерді ашып көрсетеді және нақтылайды. 

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі