Еуразиялық экономикалық одақ бойынша тауарлар мен қызметтерді тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы маусымда 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда 100,4%, 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103% құрады.
Желтоқсан айымен салыстырғанда ақылы қызметтер бағасының айтарлықтай өсуі байқалды (5,4%-ға). Осы кезең ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 2,6%-ға, азық-түлік емес тауарларға — 1,7%-ға өсті.
ЕАЭО бойынша азық-түлік тауарлары бағасының өсуі Қазақстанда (5,8%), Қырғызстанда (4,3%) және Беларусьта (3,1%) тіркелді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарларға бағаның ең көп өсуі Қырғызстанда (6,4 %-ға) және Қазақстанда (5,1 %-ға), ақылы қызметтерге – Қырғызстанда (5,8 %-ға), Ресейде (5,6 %-ға) және Беларусьте (5,5 %-ға) байқалды.
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Тұтыну бағаларының индексі туралы» бөлімде берілген.