Жаңалықтар

20.11.2023

ЕАЭО бойынша тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қазанда жылға шаққанда 107% құрады

Еуразиялық экономикалық одақ бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қазанда 2023 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 100,8%, 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,6%, 2022 жылғы қазанмен салыстырғанда 107,0% құрады.

2022 жылғы қазанмен салыстырғанда ЕАЭО бойынша ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы айтарлықтай (9,8%) өсті. Осы кезең ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 6,3%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 5,7% өсті.

Азық-түлік тауарлары бағасының ЕАЭО бойынша бағадан жоғары өсуі Қазақстанда (10,4%) және Қырғызстанда (7,2%) тіркелді. Азық-түлік емес тауарлар бағасының мейлінше көп артуы Қырғызстанда (13,8%) және Қазақстанда (11,1%), ақылы көрсетілетін қызметтер бойынша артуы Қазақстанда (11,0%) байқалды.

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Тұтыну бағаларының индексі туралы» бөлімде берілген.