2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының өсуі негізінен, олардың өңдеуші өнеркәсіпте ұлғаюы (10,5%) есебінен болды. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді дайындауда өндірушілер бағасы 8,3% артты, баға «электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау» қызмет түрлері бойынша – 1,8%, «сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау» қызмет түрлері бойынша 0,6% артты.
Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаментінің «Өнеркәсіп өнімін өндірушілердің бағалары» бөлімінде берілген.